Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Балабақшаның сипаттамасы

Балабақша сипаттамасы


Мектепке дейінгі ұйымның жалпы сипаттамасы. Балабақша ғимараты 1974 жылы салынған, өз қабырғасында талай бүлдіршіндерді тәрбиелеп, мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етіп келген балабақша, тоқырау кезеніне төтеп бере алмай, 1996 жылы жабылып қалып, 2006 жылдың 15 мамырда  Алға ауданының  әкімдігінің  №161 қаулысына сәйкес қайта ашылды. Балабақшада  ашылған жылы 4 топ болды, ауылымызда жалғыз мектепке дейінгі ұйым болғандықтан ата-аналар тарапынан балаларын балабақшаға беру жөнінде көп арыз түсіп, Алға ауданының әкімдігінің  24.02.2009 ж.№74, Алға ауданының әкімдігінің 09.04.2013 ж. №114 қаулыларымен  балабақшада қосымша  2 топ ашылды.

       Қазіргі кезеңде балабақшада 6 топ жұмыс жасайды,оның 5 қазақ тобы және  1 орыс топ.

Балалардың жас ерекшелігі 2 жастан 5 жасқа дейін, жалпы балалар саны 165.Балабақша өз жұмысын қазақ және орыс тілінде жүргізеді.Аттестатация кезінде құрылтайшы құжаттары, балабақша жұмысының ішкі тәртібін анықтайтын құжаттарға талдау жүргізілді.

2)Заңды тұлғаны тіркеуі/қайта тіркеуі:

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тіркелген заңды тұлға туралы анықтама. Алғашқы тіркелген күні «15» мамыр 2006 жыл. БСН 060540004704

Қайта тіркеу: Ақтөбе облысы әділет департаменті Алға ауданының әділет басқармасының  заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама. Қайта тіркелген күні: 30.01.2018ж. Мемлекеттік тіркеу туралы серия: В. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің номері: № 000010

Заңды тұлғаның атауы: «Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық  кәсіпорыны.

 

Заңды тұлғаның тұрған жері: индекс:030202. Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ с/о, Бөкенбай батыр көшесі № 53 үй, телефон /871337/3-52-81, электрондық почтасы kurmanova_k@mail.ru

Меншіктік түрі:мемлекеттік

Құрылтайшы туралы мәлімет:  «Алға  ауданы  әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Уәкілетті органы: «Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.